«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
15.04.2026
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «СӨС — табысты болашақтың негізі» атты тақырыптық сынып сағаттары өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың денсаулықты адам баласының басты құндылығы ретінде түсінуін тереңдету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шаралардың барысы:
9 «Б» сыныбында (сынып жетекшісі Қашкембаева Б.Б.) оқушылар денсаулықтың табысқа жетудегі рөлін талқылап, эмоционалдық әл-ауқат пен дұрыс күн тәртібінің маңыздылығына тоқталды.
6 «В» және 8 «Б» сыныптарында (сынып жетекшісі Мұхаметжанова Ф.О.) оқушылар дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту мәселелерін қозғады.
Қызықты сәттер: Оқушылар тақырыптық викториналарға белсене қатысып, топтық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, ортақ мақсатта ынтымақтаса жұмыс істеуге үйретті. Дені сау ұрпақ — ел ертеңі!